|
Жануарлар әлемі: жоғалып табылған қойдан 40 келі жүн қырқылды (видео)
|
Австралияның төрт мәрте чемпионы атанған Элкинстің қойынан 40 келіден аса жүн қырқылды. Жүні қырқылған қой салмағының жартысынан арылды. Мамандардың айтуынша, бұл қой фермадан осыдан бірнеше жыл бұрын қашып кеткен. Табылған кезде бей-берекет өсіп кеткен жүннен әзер жүретін болған. Қой шамамен төрт-бес жаста. Оны қырыққан адам енді бірер аптадан кейін қой қырқылмаған жағдайда өлетін еді, дейді. Осыдан біраз уақыт бұрын Жаңа Зеландияда Шрек деп аталатын қойдан 27 келі жүн қырқылған еді. Ол да алты жыл жоғалып табылған болатын. Элкинстің қойы осылайша рекорд жаңартты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
■
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
■
Қауіпті бактериялар «жанының сірілігінің» құпиясы ашылды