Норвегияда жаңа газ кеніші табылды
Норвегияда жаңа газ кеніші табылды
1 жыл бұрын 857 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ints Kalnins / Reuters

Норвегиялық Equinor энергетикалық компаниясы Норвегия теңізінде 2-ден 11 миллиард текше метрге дейін газ қоры бар жаңа кен орнының ашылғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Obelich Apflank деп аталатын кен орны Ирпа және Ааста Ханстен кен орындарына жақын және оны аз уақыт ішінде жедел өндіріске енгізуге болады. Ол, сондай-ақ, 12,6 миллионнан 69,2 миллион баррелге дейінгі мұнай эквивалентін қамтиды. Қазіргі уақытта Еуропа ресейлік энергетикалық ресурстарды алмастыратын балама мұнай және газ көздерін іздеуді жалғастыруда. Норвегия нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі болып қала береді және алдағы жылы мұнай өндіруді күрт арттыруды жоспарлап отыр – 6,7 пайызға, тәулігіне 2,02 миллион баррель. 2025 жылға қарай 4,3 миллион баррелге дейін ұлғайту жоспарланған.

0 пікір
Мұрағат