Оқушыларын арсыздыққа азғырғаны үшін тағы бір мұғалім айыпты деп танылды
Оқушыларын арсыздыққа  азғырғаны үшін тағы бір мұғалім айыпты деп танылды
9 жыл бұрын 3369

АҚШ-тағы Юта штатының соты ағылшын тілінен сабақ беретін 36 жастағы Брианну Алтис есімді мұғалімін өз оқушыларын арсыздыққа азғырғаны үшін дәлірегі, оқушыларымен көңіл жарастырғаны үшін айыпты деп таныды. Бұл жайында "Reuters» ақпарат ресурсы хабар таратты. Осы қылмыстық іске қатысты болған сот отырысында белгілі болғандай, мұғалім әйел 2013 жылы 16 жастағы бозбала оқушымен көңіл жарастырған. Аталмыш штат заңы бойынша осы қылмысы үшін 2 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Нәтижесінде сот оған 30 жыл түрмеде жазасын өтеу турасында үкім шығарды. Айта кетейік, сот ол кінәсін мойындаса да жазасын жеңілдеткен жоқ. Яғни, мұғалім істеген ісіне өкінетінін айтып, сот мәжілісі кезінде көз жасын көл қылып, өзі азғырған балалардың ата-анасынан жалынып-жалбарынып кешірім сұраса да қатаң жазаға кесілді. Осыған байланысты Facebook әлеуметтік желісінде мұғалім әйелді жақтап, сот шешімімен келіспейтіндер «Біз Брианну Алтис жағындамыз» деген атпен науқан ұйымдастыруда. Мұғалім әйелді ақтап алу үшін. Осыған ұқсас оқиғаға байланысты үстіміздегі жылдың маусым айының 22-і күні кәмелет жасына толмаған оқушымен төсектес болғаны үшін Дженнифер Фихтер есімді америкалық мұғалім сот шешімімен абақтыға жабылған болатын. Оны босату үшін әлеуметтік желіде 50 мың адам жақтап дауыс берген.

FOX 13 News

0 пікір
Мұрағат