Жаһан: Кей мұсылмандар елі Ораза айтта қанша күн демалады?
Жаһан: Кей мұсылмандар елі Ораза айтта қанша күн демалады?
9 жыл бұрын 4036

Пәкістанның ішкі істер министрі Чаудхри Нисар (Chaudhry Nisar) мемлекеттік және жартылай мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер, банк пен оқу орындарының қызметкерлері Ораза айт күндері бес күн демалатынын бекітті. Ал Сауд Арабиясында мемлекеттік қызметкерлер Ораза айт құрметіне байланысты 10 күн демалып келген болса жылда, биыл бұл мерзім тағы екі күнге ұзартылды. Яғни, бұрынғыдай 10 күн емес, 12 күн демалатын болды. Бұл жайында азаматтық қызмет министрлігінің шенеунігі мәлімдеді. 

 

Терактіден қорыққан мұсылмандар иғтикафқа кіре алмай жүр

Қасиетті Рамазан айының соңғы он күнінде мұсылмандар Алладан күнәлары үшін жарылқау тілеп, мешіттен шықпайтын дәстүр қалыптасқан. Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүннетіне сай. Ал Нигериядағы мұсылман жамағаты осы елдегі атышулы «Боко Харам» содырларының ықтимал лаңкестік әрекетінен қауіптеніп, иғтикаф тұрмақ, тарауық намазын оқудан қалды. «Қауіпсіздігімізді ойлап, биыл иғтикафтан бас тарттық. Өткен аптада Алланың қалауымен талай адам жанкештінің жасамақ болған қастандығынан аман қалды», - деді Кано елді-мекеніндегі саңлақ сахаба Омар ибн Хаттаб атындағы мешіттің имамы әрі шейх Мұхаммед Абдулла «OnIslam.net» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Естеріңізде болса, өткен аптада «Боко Харамның» жанкештісі аталмыш мешітті жарып жібермек болған еді. Алайда, қырағылық танытқан жергілікті жамағат бұл терактінің алдын ала білді. Жанкешті бойжеткен жарылыстан тек өзі ғана опат болған еді сол кезде. Террорисит жанкештілер қасиетті Рамазан айында Нигерияның солтүстігіндегі 3 мешітке шабуыл жасап үлгерді. Өткен жексенбіде Джос қаласында орын алған терактіден мұсылман жамағатынан және сол маңдағы мейрамханада отырғандардан ұзын саны 44 адам қаза тапқан болатын. 

 

«Халал ет – сиқырлы, жесеңдер – мұсылман боласыңдар!»"

Халал ет сиқырлы, жесеңдер мұсылман боласыңдар!" Өткен аптада швед демократтарының ұлттық партиясының өкілі Майкл Охман жергілікті мерзімді басылымдардың біріне берген сұхбатында аузына келгенін көкіп, анық арандатуға бастайтын халал еттің сиқырлы күші» туралы мәлімдеме жасады. Ол: «Егер сіз халал ет жесеңіз, мұсылман боласыз, - деп сандырақтады. Тілшінің шариғат талаптарына сай сойылған мал етінің қандай да бір..."

Өткен аптада швед демократтарының ұлттық партиясының өкілі Майкл Охман жергілікті мерзімді басылымдардың біріне берген сұхбатында аузына келгенін көкіп, анық арандатуға бастайтын халал еттің сиқырлы күші туралы мәлімдеме жасады. Ол: Егер сіз халал ет жесеңіз, мұсылман боласыз, - деп сандырақтады. Тілшінің шариғат талаптарына сай сойылған мал етінің қандай да бір тылсым қасиеті бар-жоғы туралы сауал қойғанда ол басын изегенімен қоймай мұсылмандар халал етті барлық жерде тықпалап жатыр, - деп соқты. Бұл жайында IslamNews порталы The Local ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Қоғамда жік тудырып, исламофобиялық көзқарасты таңып келген ұлтшылдар партиясының өкілі тек мәлімдеме жасаумен шектеліп қалмай швед мектептерінде шариғат талаптарына сай сойылған мал етінен тағам дайындау практикасына тыйым салынуы үшін күш жұмсайтынын жеткізді. Десе де, оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілерде күлкі тудырды. Ғаламтор пайдаланушылардың бірі егер халал ет пен шариғат талаптары сақталмай сойылған мал етін араластырса, қайсысының сиқырлы күші басым түседі деген сауал тастапты.

 

Қарызы үшін қойларын тұтқындап әкетті

Удмуртида (Ресей Федерациясының субьектісі) сот орындаушылары қарызы үшін М. есімді (толық аты-жөні айтылмаған – ред.) азаматтың қойларын тұтқындап әкетті. Бұл жайында аталмыш республиканың сот орындаушыларының федералды қызметінің басқармасы өз сайтында хабарлады. Борышкердің қарызы 1,5 млн рублды құраған. «Борышкердің мүліктік жағдайын тексеру барысында сот орындаушылары азамат М.-ға тиесілі 51 бастан тұратын бір қора қойын бұғақтады. Егер қойдың қожайыны он күннің ішінде қарызын төлемесе, оның мүлкі саудаға шығарылады»,- деп айтылған хабарда. Сот орындаушылары қарызын төлей алмаған немесе төлеудан жалтарғаны үшін борышкерлердің үй жануарларын жиі тұтқындайтын болды. Мәселен, Ставропол өңірінде Дон сфиниксі тұқымына жатататын мысық қожайыны банкке 200 мыңнан аса қаржы қарыз болғаны үшін оның мысығын тұтқындап әкеткен болатын. 

0 пікір
Мұрағат