Жаһан: «Халал ет – сиқырлы, жесеңдер – мұсылман боласыңдар!»
Жаһан: «Халал ет – сиқырлы, жесеңдер – мұсылман боласыңдар!»
9 жыл бұрын 3296 halal.org.ua

Өткен аптада швед  демократтарының ұлттық партиясының өкілі Майкл Охман жергілікті мерзімді басылымдардың біріне берген сұхбатында аузына келгенін көкіп, анық арандатуға бастайтын «халал еттің сиқырлы күші» туралы мәлімдеме жасады. Ол: «Егер сіз халал ет жесеңіз, мұсылман боласыз», - деп сандырақтады. Тілшінің шариғат талаптарына сай сойылған мал етінің қандай да бір тылсым қасиеті бар-жоғы туралы сауал қойғанда ол басын изегенімен қоймай «мұсылмандар халал етті барлық жерде тықпалап жатыр», - деп соқты. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Local» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Қоғамда жік тудырып, исламофобиялық көзқарасты таңып келген ұлтшылдар партиясының өкілі тек мәлімдеме жасаумен шектеліп қалмай швед мектептерінде шариғат талаптарына сай сойылған мал етінен тағам дайындау практикасына тыйым салынуы үшін күш жұмсайтынын жеткізді. Десе де, оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілерде күлкі тудырды. Ғаламтор пайдаланушылардың бірі «егер халал ет пен шариғат талаптары сақталмай сойылған мал етін араластырса, қайсысының сиқырлы күші басым түседі» деген сауал тастапты.

 

Қарызы үшін қойларын тұтқындап әкетті

Удмуртида (Ресей Федерациясының субьектісі) сот орындаушылары қарызы үшін М. есімді (толық аты-жөні айтылмаған – ред.) азаматтың қойларын тұтқындап әкетті. Бұл жайында аталмыш республиканың сот орындаушыларының федералды қызметінің басқармасы өз сайтында хабарлады. Борышкердің қарызы 1,5 млн рублды құраған. «Борышкердің мүліктік жағдайын тексеру барысында сот орындаушылары азамат М.-ға тиесілі 51 бастан тұратын бір қора қойын бұғақтады. Егер қойдың қожайыны он күннің ішінде қарызын төлемесе, оның мүлкі саудаға шығарылады»,- деп айтылған хабарда. Сот орындаушылары қарызын төлей алмаған немесе төлеудан жалтарғаны үшін борышкерлердің үй жануарларын жиі тұтқындайтын болды. Мәселен, Ставропол өңірінде Дон сфиниксі тұқымына жатататын мысық қожайыны банкке 200 мыңнан аса қаржы қарыз болғаны үшін оның мысығын тұтқындап әкеткен болатын. 

2 пікір
  • орысша айтқанда арест па? я, үйді де арест жасап алып кетуі мүмкін, егер кепілдікке беріп қарызын төлемесен біздің мемлекетте де.
    9 жыл бұрын
  • айтпақшы бізде "адал" стандарты қашан шығады?
    9 жыл бұрын
Мұрағат