Пайдaлы қазба өндірісі мен орманның оталуынан жердің 40%-ы дегредацияға ұшыраған
Пайдaлы қазба өндірісі мен орманның оталуынан жердің 40%-ы дегредацияға ұшыраған
2 жыл бұрын 1411 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Орман-тоғайдың оталуынан, өнеркәсіптің латауынан және пайдалы қазба өндірісінен құрлықтың 40%-ы, яғни, жердің осынша аумағы дегредацияға ұшыраған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының шөлейттенумен күрес жөніндегі конвенция сарапшыларының баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілттеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер адамзат бұл келеңсіздің бетін қайтаратын немесе жердің одан ары тозуының алдын алмаса, 2050 жылға дейін бұл көрсеткіш 55%-ға жетпек. Яғни, аталған мерзімде жердің дегредацияға ұшыраған аумағы Оңтүсік америка құрлығының көлеміндей болмақ. Әлем елдерінің билігі 2030 жылға дейін 10 млн шаршы шақырым жерді, яғни, Қытай аумағындай жер көлемін қалпына келтіруге уәде беріп, міндеттеме алып отыр. Бұл тараптағы жоба топырақты сауықтыру, жабайы табиғатта қорғау, суды ресурсын үнемдеу әрі оңтайлы пайдалану, т.б. ауқымды әрі кешендді шараларды қамтығанымен оны жүзеге асыруға 1,6 трлн доллар жетпейді. Сарапшылар бұл олқылықты айналып өту үшін жы сайын ауыл шаруашылығына және пайдалы қазба байлық өндірісіне бөлінетін демеуқаржыны – 700 млрд долларды осы жобаға бағыттауды ұсынып отыр. Адамзат қарасының көбеюіне өз кезегінде ауыл шаруашылығы мен жайылым жерлер үшін орман-тоғайды отауды қажет етеді. Ал жаһандық жылыну салдарынан орын алған климат дағдарысы керісінше қоршаған ортаны қалпына келтіруді қажет етеді. Адамзат екі оттың ортасында қалып отыр. Бұл тығырықтан шығу үшін жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу, экологиялық түрлі жобалар мен шараларды жүзеге асыру секілді қадамдарды талап етеді.

0 пікір
Мұрағат