|
Парсы шығанағында 5 000-нан аса мұсылман 12 тонна қоқыс жинады
|
Сауд Арабиясының әл-Жүбәйл қаласында өткен «Қоқыссыз қоршаған орта» деп аталатын табиғатты аялау науқанына өз еркімен 5000-нан астам мұсылман атсалысты. Осынау қоғам үшін игілікті шараға қатысқандар жағажайларды, қала көшелері мен жолдарды қоқыстардан тазартты. Аталмыш акция күллі әлемде жыл сайын аталып өтетін қоқыстан таза апталық аясында өтті. Өз еркімен акцияға қатысқандар арасында шенеуніктер болды. Мұндай акция Парсы шығанағының өзге елдері мен қалаларында да болды. Ұзын саны 5000-нан аса адам 12 тоннадан аса қоқыс жинаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады