Полиция ауызашарды көзбояушылық үшін жасап келген
Полиция ауызашарды көзбояушылық үшін жасап келген
9 жыл бұрын 2831

Австралияның федералды полициясы қасиетті Рамазан айында мұсылман жамағатының жетекшілері үшін жылда ұйымдастыратын ауызашар кешін биыл өткізбейтін болды. Себебі, олардың ауызашарына осы елдегі мұсылман ұйымдары байкот жариялады. Ал мұсылмандардың байкот жариялауына нақты шындығында осы елдегі діни азшылықты құрайтын мұсылмандардың әр басқан қадамын аңдып, олардың еркін жүріп-тұру құқығын шектеп, рейд жүргізіп отырған полицияның «ынтымақтастық, үйлесімділік және сенімділік турасында жалған әсер қалдыру үшін жасалатын көзбояушылық» себеп болған. Нақтырақ айтқанда, шілде айының 2-і күнгі мұсылман қайраткерлері мен имамдарды Сидней мен Мельбурн қалаларындағы полицияның штаб-пәтерінде өтетін ауызашар кешіне байкот жариялауға шақырған петиция турасында сөз болып отыр. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Sydney Morning Herald» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат