Трансгендерден әскер жасақталуы мүмкін
Трансгендерден әскер жасақталуы мүмкін
9 жыл бұрын 3439

АҚШ-та қызтекелерді әскер қатарына шақыруға тыйым салатын заңның күші жойылғаннан кейін мұндай тыйым трансгендерге де қатысты өз күшін жоюы мүмкін. АҚШ-тың Қорғаныс министрі Эштон Картер елде біржыныстылар некесінің заңдастырылуына орай трансгендерге отан алдындағы өз борышын өтеуге мүмкіндік бермейтін «әбден ескірген» ережені өзгертетін уақыт келіп жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, елдің барлық азаматы наным-сенімі мен биологиялық ерекшелігіне әрі әлеуметтік жағдайына қарамастан әскер қатарында қызмет етуге құқылы, Пентагон олардың бұл құқығына кепілдік беруі тиіс. Айта кетейік, өздерінің ориентациясын ашық айтатын қызтекелерге Америка армиясында қызмет етуіне тыйым салатын «Сұрама да жауап берме» (“Don’t ask, don’t tell”) заңы 2011 жылдың қыркүйек айында күшін жойған болатын. 

2 пікір
Мұрағат