Мұсылман мұсылманды бір жыныстылар некесіне ақ батасын беруге шақырды
Мұсылман мұсылманды бір жыныстылар некесіне ақ батасын беруге шақырды
9 жыл бұрын 5899 Екі қайраткер өздерінің ашық хаттарында осындай жалауды бейнелепті

Американың екі мұсылман қайраткері осы елдегі азшылықты құрайтын діндес бауырларына, яғни, мұсылман жамағатына ашық хат жазып, оларды дәстүрлі емес төсек қатынасына баратын мұсылмандарға құрметпен қарауға шақырған. Нақтырақ айтқанда, АҚШ Конгресіндегі екі мұсылман: профессор Реза Аслан мен тілші Хасан Минхаж өздерінің мұсылман жамағатына жолдаған ашық хаттарында сексуалды азшылықтың некелесу құқығын өолдауға үндеген. Оны айтасыз, екі қайраткердің біреуі, тіпті, қызтекелер мен еркекшоралардың, бисексуалдар мен трансгендердің ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болып та қызмет атқарады.Олардың айтуынша, «АҚШ-тамұсылман қызтекелер мен еркекшоралар көп. Біз оларды жақсы көреміз және қолдаймыз». Ашық хат авторларының сөзіне қарағанда, Америкадағы мұсылмандар қоғам сыртқы тепкен көзқаманды (маригинал) азшылықты құрайтындықтан өздері секілді өзгелердің де маригиналдануына жол бермеуі тиіс. «Қоғамға тастай батып, судай сіңгіміз келіп тұрып, бір жыныстылардың некелесу құқығынан теріс айналсақ, онда екіжүзділік танытқанымыз», - деп көсіліпті сабаздарың. Айта кетейік, профессор Реза Аслан Иран тумасы әрі мектеп оқушысы кезінде христиандыққа өтіп, кейін исламға оралған жан. Тіпті, Айова университетінде діни пәннен дәріс берген.

 

2 пікір
Мұрағат