Қағбаны бір уақытта 107 000 жан айнала алатын болады
Қағбаны бір уақытта 107 000 жан айнала алатын болады
9 жыл бұрын 3457

Қасиетті Мекке шаһарындағы Харам мешітіне қайта жөндеу жұмыстарынан соң 1,85 миллион жан сиятын болды. Бұл жайында ел королі Салманның мешітке келген сәтінде жауапты қызметкерлер мәлім етті.

Мәдениет және ақпарат министрі Адель Ат-Туфайфидің айтуынша, мешіт пен оның ауласын, матаф (Қағбаны айналып, тауап жасау) аймағын кеңейту жұмыстары нәтижесінде құлшылық ордасының жалпы ауданы 1,47 млн шаршы метрге жеткен. Құрылыс жұмыстарының соңғы, яғни үшінші кезеңі аяқталғанда, қасиетті Қағбаны бір мезгілде 107 000 жан айнала алатын болатын көрінеді.

Бұл құрылыс жұмыстары Қағба тарихындағы ең ауқымды жоба болып табылады. Құрылыс барысында сервистік станция мен экологиялық тұрғыдан таза болып саналатын ауа желдеткіштері, су жүйелері, 12 500 дәретхана мен қоқыстардың өңдеу қызметтері де қоса жөндеуден өткізіледі.

1 пікір
Мұрағат