Қайтыс болған мұсылмандарды табытқа салып жерлеуге мәжбүрлеуде
Қайтыс болған мұсылмандарды табытқа салып жерлеуге мәжбүрлеуде
8 жыл бұрын 6103

Испанияда қайтыс болған мұсылмандардың сүйегін табытқа салып жерлеуге мәжбүрлеуде. Яғни, мұсылмандарға қайтыс болған адамдарға қатысты осыны міндеттейтін заң қолданысқа енген. Бұл жайында "Ньюинформ" ақпарат көзі хабар таратты. Ел билігі мұндай қадамға қауіпсіздікті ойлап, яғни, инфекция таралмауын көздеп, барып отыр. Алайда, топыраққа көмілген адам еті табыттағыға қарағанда тез ағып кететінін қаперге алмады. Бір айта кетерлігі, мұндай заң Еуропа бойынша тек Испанияда ғана қолданылады. Испаниядағы мұсылмандар мұның да жолын тапқандай болды (бір жағынан заңды бұзбайды, екінші жағынан, қаза болған адамның сүйегін мұсылман ғұрпынша жерлеген болады):  адам сүйегі салынған табытты топырақпен толтырып барып жерлейді немесе табыттың төменгі жағын жұқа материалдан жасайды, яғни, жерлеу кезінде топырақтың қысымынан морт сынып, марқұмның денесі топыраққа тиетіндей етіп жасайды. Аталған елдегі мұсылмандардың тағы бір ғұрпы Испания заңының талаптарының үддесінен шықпайды: Испания заң бойынша адам сүйегін жер қойнына тапсыру үшін 24 сағат, яғни, тұп-тура бір тәулік күту керек, ал асыл дінімізде марқұмның сүйегін мейлінше жер қойнына тезірек берген дұрыс саналады. 

0 пікір
Мұрағат