Елімізде тері обырын анықтайтын мобильді қосымша іске қосылды (видео)
Елімізде тері обырын анықтайтын мобильді қосымша іске қосылды (видео)
8 жыл бұрын 2934 24.kz skindiagnos.com

Елімізде тері обыры ауруын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылды. Бұл туралы Алматыда Тұңғыш Президент қорында өткен «Тері обырын емдеудің жаңа тәсілдері» атты халықаралық конференцияда айтылды. Дәрігерлер Skin Scan қосымшасы арқылы әр адам терісіндегі өзгерістерді суретке түсіріп, қатерлі аурудың тәуекелі қаншалықты деңгейде екенін анықтай алады. Суреттерді мәліметтер базасында сақтап, оны дерматолог, онколог дәрігерлерге зерттеуге ұсынуға болады. Сондай-ақ қосымшада тиісті емдеу мекемелерінің мекенжайлары мен дәрігерлер туралы ақпарат көрсетілген. Қазақстанда тері обыры – меланомамен ауыратындар саны сүт безі мен өкпе рагына шалдыққандардан асып отыр. Ондай науқастар, әсіресе, солтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Дәрігерлер қатерлі дертті дермотоскопия әдісі арқылы оңай анықтауға болады дейді. Бірақ елімізде бұл әдіс диагностикалау стандартына енбей қалған. Сондықтан дәрігерлер халықаралық конференциядан соң жаңа қарар әзірлемек. Нұрлан Балтабеков, онколог, медицина ғылымдарың докторы, профессор: - Әр поликлиникада дерматоскоп болу керек. Содан кейін міндетті түрде оқу өтуі керек. Қарау кабинеті бар, дерматологтар бар, содан кейін олар ерте диагноз қояды. Бізге онкология ерте келеді, емнің сапасы жақсы болады, өмірі ұзақ болады. Терапияның бағасы өте төмен болады.

0 пікір
Мұрағат