|
Қалыңдық той кезінде күйеуін ауыстырып жіберді
|
Үндістандағы Рампур қаласында үйлену тойы кезінде қалыңдық күйеу жігітін ауыстырды. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты.
Қалыңдық салтанатты рәсім барысында күйеуінің қояншық талмасы ұстап қалғанын көріп, тойға келген қонақтардың біріне тұрмысқа шығуға ойланып-толғанып жатпастан бірден шешім қабылдаған. Куәлердің айтуынша, болашақ күйеуі асқынып кеткен ауруы бар екенін жасырғаны қалыңдықтың ызасын келтірген. Ол жігітінің бұлай ауыратыны жайында неке қыидырмай тұрып, жасырмай айтуы керектігін мәлімдеген. Жаңа күйеу жолы болмаған "күйеудің" алыс туысқаны болып шықты. Басылым оның отбасы мүшелері болған жағдайды ауыр қабылдап, полицияға жүгінгенін жазды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады