|
Қансыраған көршісіне ауыз салып, азу батырып отыр
|
Сирияның соғыстан кейін титықтаған әрі өз-өзіне әлі келіп үлгермеген сәтін пайдаланған Израил бұрын басып алған жерін кеңейтудің қамына кірісті. Тарқатыңқырап айтқанда, Израил Голан жотасының бір пұшпағында, Сирияға қарайтын аумақтан көп ұзамай буферлік аймақ құруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта өзінің әскерін Дараа және Кунейтра қалаларына қарай жақындатты. Израилдің қорқауға тән тәсілмен көрші елдің аумағына қол салуы бір бұл емес. Ливанда азаматтық соғыс жүріп жатқанда аталған мемлекеттің оңтүстік бөлігін басып алған еді. Басып алған аумақты бақылайтын, діни азшылық өкілдерінен «Оңтүстік Ливан әскері» деп аталатын қуыршақ әскер де жасақтаған болатын. Ливанның оңтүстігін жаулап алу әрекеті 1985 жылдан 2000 жылға дейін толастаған емес.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды