|
Қасиетті Қағбаны өртеуге ұмтылған адам ұсталды
|
Мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккедегі Қағбаны өртеуге ұмтылған адам ұсталды. "әл-Харам" мешітінде дәл қазір кіші қажылығын (ұмра) өтеушілер бар. Киелі қара тасқа от қоймақшы болған адам қажылардың бірі ретінде мешіт ішіне кірмек болған, – деп жазды 31 арна.
Бұл туралы Сауд Арабиясында білім алып жүрген қазақстандық Акбар Исмаилов атты студент өз парақшасында жариялады. Қажылар Қағбаны айнала тәуәп жасап жүргенде тәртіп сақшыларының бірі қолында күдікті бөтелкесі бар адамды байқап қалған. Бөтелкедегі сұйықтық бензин екені белгілі болған. Қаскөйдің йемендік екені айтылуда. Қолға түскен адамды бір топ сақшы сыртқа алып кетті. Қағбаға от қоймақ болған хусииттік шийт болуы мүмкін дейді алғашқы ақпарлар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды