Құрғақшылық Африка құрлығын жайпап барады (фото)
Құрғақшылық Африка құрлығын жайпап барады (фото)
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Julianne Gauron/AP

Африка мүйісінде алынатын ағаш шайыры жергілікті халықтың атауы бойынша “Мирра” деп аталып кеткен. Ол әлемге әйгілі әтір түрлерінің негізгі компоненті ретінде белгілі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген Islamosfera сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, бүгінде хош иіс индустриясы аталған құрлықтың көп бөлігін жайлаған құрғақшылықтан күйреуалдында тұр. Жергіліекті жұрттың айтуынша, бір кездері иит тұмсығы батпайтын ну жынысты Эфиопияның сомалилік аймағындағы орман-тоғай жоғалудың алдында тұр: ылғалдың жетіспеушілігінен ағаштар қурап, жапырақтарын аш түліктер сыдырып жатыр. Осы жылдың басында зерттеушілер тобы Born Global коммерциялық емес ұйымы мен American Herbal Products Association салалық бірлестігінің қолдауымен жердің климат дағдарысына қарсы ең осал өңірлерінен әлемдік нарықтарға келіп түсетін осы құнды ресурс өндірілетін орындарына арнайылап барған екен. Миссияның мақсаты шайыр жинаушыларға өнімді жеткізу тізбегіндегі арадағы делдалдарсыз, тікелей пайда табуға көмектесуге саяды. Эфиопия ежелгі Мысыр заманынан бері опа-далап саласында, медицинада және діни немесе наным-сенімдердің ғұрыптарында кеңінен қолданылатын ағаш шайырының негізгі өндірілетін өлкесі. Бұл өңiрде табиғатқа неғұрлым зиянсыз саналатын және жоғары сапалы өнiм алуға мүмкiндiк беретiн жинаудың әдеттегі әдiстерi осы уақытқа дейiн қолданылып келедi. Қол еңбегі мирраның ақырғы құнын едәуір көтерсе де жинаушылардың өздері табыстың аз бөлігін ғана алады: оларға шайырдың әр келісі үшін 3,5-тен 10 доллар ғана төлейді. Мұндай тиын-тебен Tom Ford, Comme des Garcons немесе Jo Malone сияқты брендтердің дайын парфюмериясының бағасымен салыстыруға келмейді - онда бір әтір құтысының бағасы 500 долларға дейін жетеді. Сонымен қатар, бүкіл әлемде бүгінде мирраны табиғи дәрілік зат ретінде пайдалану бағытында жұмыс жүріп жатыр. Зерттеу тобын басқарған Вермонт университетінің жеткізу тізбектерінің экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі маманы Анджанетт ДеКарло және ағаш шайыры жөніндегі сарапшы және FairSource Botanicals компаниясының иесі Стивен Жонсон жергілікті тұрғындардың табиғатты ұқыпты пайдалану дәстүрін ұстанатынын растады: шайырды табиғи жарықтардан жинайды, пайда үшін ағаштарды кесіп, аурулар мен зиянкестер үйір болатын жарықшақтар мен жарақаттар салмайтынын алға тартып отыр. Алайда, құрғақшылық әтір индустриясын ойсыратып кетуі мүмкін. Соңғы бірнеше жыл ішінде маусымдық жаңбыр болған жоқ, ал 2023 жылы мұндай ауытқу су тасқынымен алмасты. Оның үстіне, ересек ағаштардың “жаны сірі” болғанымен аз шайыр бөледі, ал жас орман-тоғай құрғақшылыққа да, сел-тасқынға да төтеп бере алмайды.

0 пікір
Мұрағат