|
Қытай беспилотниктердің бірінің экспортына шектеу қойды
|
Қытай билігі тамыз айының 1-нен бастап алыс радиусқа әсер ететін азаматтық беспилотниктер экспортына шектеу енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігі мұндай қадамға беспилотнкті сатып алған елдің оны әскери мақсатта қолданылатын дронға айналдыруы мүмкін деген қауіппен барып отыр. Аталған елдің сауда-саттық министрлігі мұндай құрылғының салмағы жүкті тастағаннан кейін жеті келіге азайып, әуеде жарты сағаттан аса уақыт бойы бола алатынын алға тартып отыр. Қытай билігі азаматтық беспилотниктерді әскери мақсатта қолдануға қарсы екенін мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды