|
Қытайда ер адам үстіне 1 миллион араны қондырды
|
Қытай азаматы үстіне миллион араны қондырып, рекорд орнатты, - деп хабарлайды "24.kz".
Порталдың мәліметінше, жүрек жұтқан ер адам үстіне 1 миллионнан аса бал арасын қондырып, әлемдік рекорд жасады. Бір сағаттың ішінде Гао Бингоның денесін жәндіктер 2 мың рет шаққан.
"Салмағы 110 келіден асқан аралар бетін шақпас үшін омарташы үздіксіз темекі шегіп тұрды. Сынақ уақыты аяқталған бетте ол мұзды суға сүңгіді", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Қытайда "аралар патшасы" атанып кеткен Бинго өткен жылы 460 мың араны қондырып, дәл осындай рекорд орнатқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемде тұңғыш рет қажылық үшін ақша төлейтін ел пайда болды
■
Иран халқы Ислам революциясынан бері 54 млн адамға көбейген
■
Адам кездейсоқ түс көрмейді – түс көрудің заңдылығы ашылды
■
Жұмысшыларды жасанды зердемен алмастыру немесе АІ үшін жұмысшыларды жаппай қысқарту экономиканы күйретеді
■
Қытай соты компанияларға жұмысшыларды жасанды зердемен алмастыруға тыйым салды