Қытайда халық саны бір жыл ішінде екі млн адамға кеміді
Қытайда халық саны бір жыл ішінде екі млн адамға кеміді
4 ай бұрын 830 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай халқының қартаю процесі мен туу көрсеткішінің төмендеуінен жалпы тұрғындар қарасының азаюы экономикалық өсімнің тежелуінен әрі COVID-19 пандемиясы салдарынан қарқын алып барады. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Калифорния университетінің Қытай демографиясы жөніндегі сарапшысы Уан Пен бір жыл ішінде қытай тұрғындарының екі млн адамға дейін азаюын жұқпалы індеттен көріп отыр. Дәлірегі, қытай билігінің пандемиямен күреске қатысты шектеу шараларын 2023 жылдың басында ерте алып тастағандықтан елде демографиялық тоқырау тереңдеген. Десе де кей демографтар америкалық сарапшының бұл дерегімен келіспейді. Сарапшылардың айтуынша, 2023 жылы Қытай халқы табиғи жолмен 11 миллион адамға азайған, 9 миллион бала өмірге келген, яғни, халық саны 1,4 миллиардқа қысқарған. Сонымен қатар, демографтар халықтың шапшаң қартаюына байланысты елдегі демографиялық ахуалдың кері кететінін алға тартып отыр. Қытай халқының табиғи жолмен төмендеу көрсеткіші 2023 жылы мың адамға шаққанда 7,87 адамды құраған, бұл деңгей 1970 жылдардан бергі ең жоғары және өткен жылғы 7,37-ден жоғары.

0 пікір
Мұрағат