|
Қытайдағы бірнеше шақырымға жалғасқан көлік кептелісінің видеосы жарияланды
|
Бейжіңдегі рекордты көлік кептелісінің видеосы Желіде кеңінен тарады, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Tjournal басылымының мәліметінше, бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі Бейжің-Сянган-Макао тас жолының өткізу бекітінде болған. Мұндай кептелістің туындауына 1 қазаннан бастап тойланған Қытайдағы Ұлттық күн мерекесі себепші болыпты.
"Түрлі мәліметтер бойынша, демалысқа аттану үшін шамамен 750 миллион адам бұл күндері үйлерінен кеткен. Алайда Waze сервисінің мәліметінше, Бейжің әлемдегі ең ұзын көлік кептелісі бойынша бестікке де кірмепті", - делінген жарияланымда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды