|
Рамазан айында Құран радиосы іске қосылды
|
Малайзияда қасиетті Рамазан айының құрметіне толықтай Құран Кәрімге арналған тематикалық радиостанса іске қосылды. Жоба жетекшілерінің басты мақсаты – халықтың, әсіресе жастардың қасиетті Құранға деген махаббатын ояту.
«Нурул Куран нусантара» радио эфирінде, негізінен, Құранды тұрмыс-тіршілігіміз бен өмірімізге қалай дұрыс енгізу, Құранды тез әрі жеңіл жаттау тәсілдері туралы мамандар кеңесі айтылады.
Сонымен қатар, Құранның түсу тарихы, оның ғылыми негіздері мен басқа да қызықты мәліметтер толықтай қамтылатын болады.
Айта кету керек, хабар тәулік бойына таратылады және коммерциялық бағыттағы жарнамаларға жол бермейді.
Радиостансаның тестік таратылымы әзірге веб-қосымша арқылы жүргізіледі, дегенмен жуық уақытта арнайы диапазон бөлінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды