|
Ресей және Башар Асад әскери әуе күштері тыйым салынған бомбаны қолданған
|
Башар асад режимінің және Ресей Федерациясы әскері Сирияның Идлиб қаласындағы деэскалация аймағында атысты тоқтату туралы режимді тағы бұзды. Әуе соққысынан 12 бейбіт тұрғын опат болды. Түріктердің «Анадолы» ақпарат агенттігі таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, оппозицияға қарайтын Темини, Бидам елді-мекендерді, Сырман, Мүсейриф, Сыкейрат, Бабудийн, Хан ас-Субул, Дарусселам, Маар Шурин ауылдарын әуеден бомбалаған. Идлибтің азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Мұстафа Қажы Жүсіптің айтуынша, Ресей мен Башар Асадтың қарулы күштері аталған елді-мекендерге 10-нан аса соққы берген, ең сорақысы – халықаралық конвенциямен тыйым салынған вакуумдық бомба тастаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды