Сарапшы биыл мемлекеттік төңкеріс орын алуы мүмкін мемлекеттерді атады
Сарапшы биыл мемлекеттік төңкеріс орын алуы мүмкін мемлекеттерді атады
4 ай бұрын 447 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Emmanuel Braun / Reuters

Африка құрлығындағы және Оңтүстік-шығыс Азияның кей елдерінде 2024 жылы мемлекеттік төңкеріс орын алуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне осы тақырып төңірегінде сұхбат берген Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының еуропалық құқық кафедрасының доценті, Еуропалық ақпарат орталығының директоры Николай Топорниннің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейлік сарапшы билікті күшпен алмастыруға бейім мемлекеттерді атады. Дәлірегі, бұл арада саяси институт жұмысы жолға қойылмағандықтан және өзге де факторларға байланысты мемлекеттік билік шатқаяқтаған кедей елдер турасында сөз болып отыр. Яғни, қолында күш пен ресурс бар белгілі бір күштердің билікке таласы орын алатынын алға тартады. Нақтылай түссек, әскери режим үстемдік елдерде билік кез келген уақытта ауысуы мүмкін. Мұндай қатер төнген елдерге Нигерді, Малиді, Буркина-Фасоны, Эритреяны, Суданды, Сомалиді, Бангладешті, Мьянманы жатқызып отыр. Саясаттанушының айтуынша,бүгінгі таңда  мемлекеттік төңкеріске немесе саяси дағдарысқа қандай да бір әлеуметтік немесе экономикалық факторлар мен толқулардан бұрын кландық немес әскери топтар арасындағы талас-тартыс әсер етуі ықтимал. Яғни, билік революциялық жолмен емес, жоғарыдан, әскери манипуляциядан орын алады. Осы орайда өткен жылы Африканың бірқатар елінде мемлекеттік төңкеріс орын алғанын айта кету керек: маусым айында Нигерде, тамызда Габонда, ал қыркүйекте Конгода билік ауысуының сценариі жүзеге асырылды. Бұған қоса, Буркина-Фасода мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс болды.

0 пікір
Мұрағат