Сауд Арабиясы әлемдегі экономикасы ең шапшаң дамып келе жатқан елге айналды
Сауд Арабиясы әлемдегі экономикасы ең шапшаң дамып келе жатқан елге айналды
1 жыл бұрын 2361 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы Үндістанды басып озып, әлемдегі ең шапшаң дамып келе жатқан ірі экономикаға айналды және оның шикізаттық емес секторы бір жылдан астам уақыттағы ең жылдам қарқынмен өскен. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің шикізаттық емес экономикасы өткен жылдың төртінші тоқсанында 6,2 пайызға өскен, бұл көрсеткіш 2021 жылдың үшінші тоқсанынан бергі ең жоғары деңгей, деп хабарлады Саудияның бас статистика басқармасы. Ал мұнай экономикасы 6,1 пайызға артқан. Жалпы алғанда, Саудияның министрлер кабинетінің келтірген мәліметі бойынша өткен жылы ел экономикасы Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес шамамен 8,7 пайызға өскен, осылайша аталған араб елі 6,8 пайыздық өсімімен Үндістанды артқа қалдырған. Бір қызығы, күллә елім рецессия қарсаңында тұрса да араб түбегіндегі мұнайға бай мемлекет инфляцияның әлемдік қарқынына төтеп берген. Жасыратыны жоқ, Саудия соңғы жылдары экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару үшін әртараптандыру бағытында түрлі әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіп келеді. Соның ішінде мұнай экспортынан түскен қаражаттың денін цифрландыру, жасыл экономика, жаңыртпалы энергия көздерін дамыту, технологиялық жетістіктерді игеру сынды бастамалар мен осы бастамаларды нақты өмірде іске асыратын НЕОМ секілді жобаларға жұмсауда. Бұдан бөлек, Саудия корейлік анимеден бастап, америкалық индустрияға дейінгі салаларға ақша құйып, инвестициялық интервенция жүргізе бастады.

0 пікір
Мұрағат