Соңғы 25 жылда әлемдегі кедейлердің саны 2 есеге қысқарған
Соңғы 25 жылда әлемдегі кедейлердің саны 2 есеге қысқарған
9 жыл бұрын 2305 Baq.kz

1990 жылдан бері тақыр кедейлікте өмір сүретін адамдар саны (күніне 1,25 доллардан кем ақша табатындар) 1,9 миллиардтан 836 миллионға дейін қысқарды.

Бұл жайында Thomson Reuters Foundation қайырымдылық қоры мәлімдеді. Аталған хабарлама БҰҰ-ның "Мыңжылдықтар декларациясы" деп аталатын баяндамасына арналып жазылған.

"Шектен шыққан кедейшілікпен күресіп, оны жеңуге болатынына біздің көзіміз жетті" дейді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун.

Баяндамада айтылғандай, адамзаттың дамуына кедергі болып отырған бірден-бір жайт - әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстар мен соғыстар. Сондай-ақ, әйел құқықтарының сақталмауы, СПИД секілді індет те қоғады кері тартып келеді дейді БҰҰ өкілдері.

Thomson Reuters Foundation қоры жазғандай, БҰҰ мүшелері 2030 жылға дейін кедейшілікті біратала жоюға бағытталған бағдарламаны әзірлеп жатыр.

Айта кетейік, 1990 жылы әлем халқының саны 5,2 млрд адамды құраған. 20 жыл ішінде олардың саны 7,3 млрд-қа дейін өсті.

 

0 пікір
Мұрағат