Ақтөбелік келіншек отбасын тастап, неке жиҺадына аттанды
Ақтөбелік келіншек отбасын тастап, неке жиҺадына аттанды
9 жыл бұрын 5522 nur.kz

Екі ақтөбелік әйел неке жиҺадын жасау мақсатымен Таяу Шығысқа жол тартты деп болжануда. Екеуі де отбасылы, балалары бар. Олардың күйеулері “жихадшы жарларының” жоспарын біліп, барынша қарсы болған. Алайда әйелдері жұбайының сөзіне құлақ аспаған көрінеді.

Бұл туралы “Времяға” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

38 жастағы Оңғар Файзуллаев (аты-жөні оның өтінішімен өзгертілді) жарының қайда екенінен бір жыл бойы бейхабар келеді. Әйелі Оңғарды үш баласымен жалғыз тастап, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған. Тіпті қоштасу хатын да қалдырмаған әйел, сол беті байланысқа шықпаған екен.

Оңғар бес уақыт намазын оқып, ораза ұстап жүрген үлгілі отбасы болғандарын айтуда. Ол әйелінің неке жиҺадына өткен жылдың көктемінде қатты қызығушылық танытып жүргенін байқаған.

“Мен тым жұмсақ болдым. Оған теледидар қарап, интернетке кіруге рұқсат беретінмін. Оның мұсылман топтарына тіркелгенінде тұрған ештеңе жоқ деп ойладым. Ең бастысы хабардар болып жүргенім жеткілікті көрінетін”, – дейді Оңғар.

Оңғардың әйелі Индираның жоғалып кетпес бұрын псевдошейхтармен бірнеше ай бойы хат алмасқаны белгілі болды. Белгісіз біреулер оған секс-жихад туралы айтып, өз көзқарастарын таңған. Әр әңгіме барысында жалған сүрелерге сілтеме жіберіп, ешкімді тыңдамай сөздеріне еруге әйелді шебер көндірген.

“Ол тым аңғал болатын. Өз балалары мен күйеуін ұмытардай оның қаншалықты миын улаған?”, – деп назын білдірді Файзуллаев.

Ер кісінің сөзіне сенсек, ол бұл мәселесімен арнайы қызметке жүгінген. Сол жерде тағы бір әйелдің тура сондай жағдайға тап болғанын естіпті. Ақтөбелік әйел кішкентай нәрестесі мен күйеуін тастап, кетіп қалған екен. Арызданушы әйелінің кетпес бұрын одан секс-жиҺад туралы сұрағанын алға тартқан.

Дегенмен Ақтөбе облысы ҰҚК департаменті бұл ақпарат туралы түсініктеме бермеді. Олар жүгінгендер болғанын растағанымен, әйелдердің Сирияға кеткені туралы ақпар бермеді. Ақтөбеліктер Таяу Шығысқа діни білім алу мақсатымен кетуі мүмкін деген де болжам бар.

Осыған орай тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

3 пікір
  • Адам кішкене болсада ақылға салу керек емеспе?!?! Ислам діні отбасы құндылығын маңызды орынға қойады емеспе?!?
    Білімді болайық!!!!!!!!!
    9 жыл бұрын
  • Соз жетпейди
    9 жыл бұрын
  • Алла кімді тура жолға салса сол тура жол табушы, оны ешкім адастыра алмайды, осы есіме түсті
    9 жыл бұрын
Мұрағат