Сүндеттеуден бас тартқаны үшін сотқа жүгінді
Сүндеттеуден бас тартқаны үшін сотқа жүгінді
8 жыл бұрын 3034

Ұлыбританияда аты-жөні айтылмаған мұсылман бұрынғы әйелімен ұлын сүндеттеуге келісімін бермегені үшін соттасты. Алайда, сот шешімі екі ұлдың әкесінің емес, шешесінің пайдасына шешілді. Нақтырақ айтқанда, тегі алжирлік жігіт ағасы бүрынғы әйелінен сүйген әрі сол бұрынғы әйелінің тәрбиесіндегі  4 және 6 жастағы ұлдарын мұсылман ғұрпынша сүндеттпек болған. Алайда, бұрынғы әйелі келісімін бермеген болатын. Амалсыз сотқа жүгінгін жігіт ағасы осынау құзырлы орыннан да жол болмады. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Guardian» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Сүндетке отыру ер адамның денсаулығының жақсы болуына септігін тигізеді, яғни, тазалық жағынан пайдасы мол. Осы іске қатысты сот отырысына төрағалық еткен Роберт шағымданушының талабын қанағаттандырмай, сүндетке отыруды балалардың өз еркіне қалдырды. Яғни, балалар ес тоқтатып, оң-солын таныған жасқа келгенде өз таңдауларын жасайтын болады. Айта кетейік, АҚШ-тың Флорида штатында осыған ұқсас жағдай орын алған еді. Ол кезде сот шешімі мұсылман ер адамның пайдасына шешілген болатын. Ол ол ма, соттың бұл шешімін орындамағаны үшін әйелін қамауға алған болатын. 

0 пікір
Мұрағат