Анасы өлгеніне 55 күн өткеннен кейін ұл бала дүниеге келді
Анасы өлгеніне 55 күн өткеннен кейін ұл бала дүниеге келді
8 жыл бұрын 6071

Полшаның Вроцлав қаласындағы клиникалық емханасында анасы өлгеніне 55 күн өткеннен кейін ұл бала дүниеге келді. Бұл жайында «GAZETA WROCŁAWSKA» ақпарат көзі хабар таратты. «Шарана аяңы ауыр әйелдің қарнын тіліп алынды. Бұл осы заманғы технологияның көмегімен жүзеге асықан нағыз ғажайып оқиға»,- деді жергілікті дәрігерлер. Аталған мерзімді басылымның ақпаратына қарағанда, 41 жастағы аяғы ауыр әйел ми обырымен сырқаттанған. Жүктіліктің 17 аптасында оның жағдайы күрт нашарлап, аурухана төсегіне таңылған болатын. Көп ұазмай анасының миы өлгені белгілі болды. Оны құтқарып, аман алып қалу мүмкін болмаған. Десе де оның жүрегі соғуын тоқтатпаған. Дәрігерлер ендігі жерде құрсақтағы баланы аман алып қалудың қамына кіріседі. Осы заманғы медициналық аппараттардың көмегімен әйелдің өмірлік маңызы бар ағзаларының қызметін екі ай бойы тоқтатпайды. Нәтижесінде өмірге салмағы бір келіге жуық шарана келеді. Оның денсаулығы жақсы. Оның тәрбиесін әкесі қолына алды.

0 пікір
Мұрағат