ТҮРКИЯ ҚАЛАСЫ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ТҮРКИЯ ҚАЛАСЫ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
8 жыл бұрын 3139 e-islam.kz

Түркияның оңтүстік-шығысында Сириямен шекаралас орналасқан Килис қаласы босқындарды қабылдау көрсеткіші бойынша Нобеь сыйлығына ие болды.

«Түркияның бір ғана қаласы сириялық босқындар үшін көп көмектесті. Бұл әлемдік Нобель сыйлығына әбден лайықты» дейді белсенділер тобы.

Соғыс сұмдығынан шошынған жүздеген мың сириялықтар Килиске өтті. Олардың көпшілігі үшін бұл қала ұзақ сапардағы аялдама да болды: одан әрі Түркияға, Батыс елдеріне көшті. Алайда, 100 мыңнан аса босқын Килиске табан тіреп, тоқтады.

Қалада бастапқыда 129 мың тұрғын болса, қазір оның үстіне 120 мыңға жуық сириялық босқын қосылды. Жергілікті халық өз баспаналарымен, жұмыстарымен, қолда бар дүниелерімен бөлісті. Түркиядағы кейбір қоғамдастықтардың пайымдауынша, мұндай бұқаралық бейбітшілік актісі әлемде әзірге болмаған.

1 пікір
Мұрағат