|
Тағы бір мұсылман емес елде алғашқы ислами банк ашылады
|
Австралияның қаржы саласындағы реттеуші органы ел аумағында тұңғыш рет ислами банк қызметіне лицензия берді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралияның ислам банкі (Islamic Bank Australia) әзірге шектеулі лизцензияны ғана алды, соған сәйкес клиенттеріне тұрғын үйді қаржыландыру, ағымдағы және жинақ шоттарын ашу секілді қызметтерді ұсына алады. Дин Гиллеспи есімді атқарушы директоры басқарған банктің 8000 мың әлеуетті клиенті кезекке жазылған екен, алайда, олардың барлығы бірдей ислами қаржыға қол жеткізген жоқ. Ислам банкінің қызметі біртіндеп ұлғайтылады. Елде ислами банктің ашылуы өз кезегінде жергілікті мұсылмандарға шариғат талаптарына сай ипотека рәсімдеуіне мүмкіндік бермек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды