Еуропа кеңесі мен қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы исламофобиямен бірге күреседі
Еуропа кеңесі мен қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы исламофобиямен бірге күреседі
2 жыл бұрын 2504 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропа кеңесі мен Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) кәрі құрлықта адам құқығының аяққа тапталуының жиі көрінісіне айналған әрі асқынған әлеуметтік дертпен – исламофобиямен бірігіп күресетін болды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осындай мақсатта Еуропа Кеңесінің діни төзімсіздік және өшпенділік қылмыстары жөніндегі арнайы өкілі Даниел Холтген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Исмаил Хакки Мұсамен Еуропа аймағындағы исламофобия және мұсылмандарды кемсітушілікке қатысты мәселелер бойынша кездесті. Еуропа аймағындағы мұсылмандарға шабыл жасау және исламды қаралау оқиғалары шектен шығып барады. Еуропа кеңесі мен ЕҚЫҰ қоғамды артқа тартатын бұл жағымсыз тенденцияны тоқтатуды көздеп отыр. Еуропа кеңесі мен ЕҚЫҰ өкілдері мұсылманарға қарсы нәсілшілдікпен күресу шараларын әзірлейді.

0 пікір
Мұрағат