|
"Талақ" айтқандар бас бостандығынан айырылады
|
Үнді парламентінің жоғарғы палатасы үш мәрте талақ айтып, ажырасу тәжірибесін қылмыс ретінде танитын заң жобасын мақұлдады. Ендігі жерде аталған заң талабын бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, талақ айтып, ажырасуға 2017 жылы тыйым салынған болатын. Алайда, аталмыш тыйымның заңмен бекітілгені осы - өткен аптада үнді парламентінің төменгі палатасы қабылдаған заң жобасын 99 депутат жақтап шыққан еді, 84 депутат наразылық білдірген болатын. Бұл тыйым ресми түрде ел президенті аталмыш заң жобасына қол қойғаннан кейін қолданысқа енеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды