Тәліптер билік басына келгелі ана мен бала өлімі азайған – ауған лауазымды тұлғасы
Тәліптер билік басына келгелі ана мен бала өлімі азайған – ауған лауазымды тұлғасы
1 жыл бұрын 766 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі батыстың бұқаралық ақпарат құралдарындағы «елде контрацепция сауда-саттығына шектеу қойды» деген ақпараттың негізсіз екенін алға тартып, теріске шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Британиялық Guardian беделді дерек көзі тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) пәрменімен ауған әйелдерінің тағы бір құқығы бұзылғанын, атап айтқанда, жүктілікке қарсы құралды сатуға тыйым салынғанын жазған болатын. Guardian «бұл контрацепцияны батыстың мұсылман халықтарының көбеюіне қарсы ойлап тапқан құралы» деген сын көтермейтін сыңар желеумен сатлуына тәліптердің тыйым салып отырғанын жазған еді. «Батыс елдері мұсылмандардың туу көрсеткішін бақылауда ұстағысы келеді деген» деген әрі ана мен бала өлімінің күрт артып кетінін жазған Guardian басылымының бұл дерегін тәліптер дәлелсіз, дәйексіз айтылған, деп есептейді. Дәлірегі, ауғанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Шарапат Замат Амар билік тарапынан мұндай тыйымның салынбағанын мәлімдей келе тәліптер билік басына келгелі керісінше ана мен бала өлімі төмендегенін жеткізді. Медициналық мекемелерде мамандар тапшылығы мен құрал-сайман жетіспеушілігіне қарамастан. Дегенмен, нақты статистикалық көрсеткіш болмағандықтан батыстың бұқаралық ақпарат құралдарының немесе тәліптер радикалды қозғалысы мәлімдемелерінің рас-өтірігін ешкім айта алмайды. 

0 пікір
Мұрағат