Бидайдан канцерогенді қалыптастыратын генді алып тастады
Бидайдан канцерогенді қалыптастыратын генді алып тастады
1 жыл бұрын 2047 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Rothamsted Research тәжірибе стансасының, Бристол университетінің және Curtis Analytics Limited (Ұлыбритания) компаниясының биологтар тобы CRISPR-Cas9 жүйесін бидайдан аспарагин синтезіне қатысатын генді жою үшін пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Plant Biotechnology Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың бұл әрекеті өз кезегінде қатерлі ісіктің пайда болуы мен таралуының алдын алуға көмектеседі. Көптеген өсімдіктер мен жануар түрлері жасушаларында аспарагин амин қышқылын істеп шығарады. Белгілі бір температураға дейін қыздырғанда химиялық реакция жүреді, нәтижесінде канцероген (Канцерогендік заттар[1], канцерогендер (латынша cancer – қатерлі ісік және грекше genes – тудырушы) – организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар – Уикипедия электронды энциклопедиядан) акриламид түзіледі. Алдыңғы зерттеулер оның тышқандарда қатерлі ісік қаупін арттыратынын көрсетті. Өсімдіктердегі аспарагин мөлшері ауа-райына байланысты олар өсіп келе жатқанда өзгеретіні белгілі. 2021 жылы ғалымдар тобы пісіру кезінде түзілетін акриламид мөлшерін азайту үшін бидай өсімдіктерінде амин қышқылын өндіруге жауапты генді жою үшін CRISPR-Cas9 қолданды. Ол үшін олар жылыжайда бидай үлгілерін өсіріп, өсімдіктер толық пісіп-жетілгеннен кейін аспарагин деңгейін өлшеп, оның 50 пайызға азайғанына көз жеткізген. Ғалымдар бұл тарапта нақты ауыл шаруашылық өсімдіктеріне CRISPR гендік редакциялау әдісін қолданып көрген. Сынақ барысында гені өңделген өсімдіктерде модификацияланбаған өсімдіктермен салыстырғанда аспарагин мөлшері шамамен екі есе аз болатынын көрсетті. Зерттеу нәтижесі дәнді дақылдардағы аспарагин деңгейін генді өңдеу әдістерін қолдану арқылы қауіпсіз түрде төмендетуге болатынын көрсетеді.

Ұқсас материалдар:

«Пісірген кезде канцероген аз бөлінетін бидай өсіріле бастайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/pisirgen-kezde-kantserogen-az-bolinetin-bidai-osirile-bastaidy-15801/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат