|
Тәртіп бұзған оқушыларды дүрелеп жазалау түрі жаңа ереже бойынша қолданылады
|
Сингапурде тәртіп бұзған оқушылар мектеп қабырғасында жаңа ереже бойынша жазаланады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елдің білім беру жүйесінде де, қылмыстық істе де қолданылатын осынау дене жарақатына себеп болатын қатал жаза түрін жиі сынға алып жатады. Сингапур билігі мен халқы мұндай жаза қылмыстық өршуіне жол бермейді деп сенеді. Көбінесе мұндай қатаң жаза мектеп қабырғасындағы әлімжетттік пен бопсалау, зорлық-зомбылық көрсеткендерге қарсы қолданылады. Бұдан былай жаңа талаптарға сәйкес бұзықтығымен көзге түскен оқушыларға үш мәрте дүре соғылады. Жазаның қолданылуы хаттама негізінде жүргізіледі: жазаланатын оқушының қауіпсіздігі ескеріледі. Алдымен денсаулығының жарамдылығы есепке алынады. Жазаны директор мақұлдайды, содан оны құзыреті бар мұғалім орындйтын болады. Сонау Британияның отары болған кезден қалып қойған мұндай қатаң жаза түрі тек ер балаларға қолданылады. Қылмыстық процессуалды кодекске сәйкес.