Таяқшамен ауыз ашатын жапон жігіті
Таяқшамен ауыз ашатын жапон жігіті
9 жыл бұрын 2953

Йохи Матсуяма есімді 31 жастағы жапондық мұсылман жігіті ораза ұстап жүр, ауызашар кезінде  діндес бауырларымен жапондық дәстүрлі жапон тағамын тұтынады, алдарына жозыға ұқсас шағын үстел қойып, малдас құрып, қолына таяқшасын алады. Пияз бен сиыр еті қосылған күрішпен тамақтанады. «Мен үшін намаздан маңыздысы жоқ. Намаз жұмысымнан да маңызды», - деді ол ағынан ақтарылып. Осыдан он сегіз жыл бұрын тура жолға түсіп, исламды қабылдаған Йохи Матсуяма Токио университетінде кандидаттық қорғағаннан кейін ислам ойшылдарын зерттеумен айналысып келеді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Sun Herald» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Күншығыс еліндегі бұл бауырымыз тілін кәлимаға келтіргеннен кейін Мүждаһид есімін алып, отбасындағы туыстарының исламды қабылдауына себепкер болды. Оның 8 жастағы қызы қасиетті Құранды араб тілінде оқиды. Исламды қабылдаған жапондықтардың қарасы аз – шамамен 10 000 мың адамды құрайды, алайда, жылдан жылға олардың қатары толығып келеді. 

0 пікір
Мұрағат