|
Тоқылдақ аққалақты арқасына қондырып ұшты (фото)
|
Джейсон Уорд есімді біреу Твиттер әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Мартин Лемэй есімді фотограф түсіріп алған осы суретті орналастырыпты. Тоқылдақтың аққалақты (сусар тұқымдас аң) арқасына қондырып алып ұшқан сәттері бейнеленген. Аққалақ негізінде тоқылдақты жеу үшін тап бергенде үріккен құс ұшып кетеді. Арқасында аққалақ бірге кетеді. Мартин Лемэй әйелімен серуендеп жүргенде өзгеше көріністі байқаған. Қанаты талған құс жерге қонуға мәжбүр болған. Екеуінің арасында айқас басталып кеткен. Фотограф аққалақтың назарын өзіне аударған кезде осы сәтті ұтымды пайдаланған тоқылдақ дереу ұшып кетіпті.
.jpg)
.jpg)



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды