|
Тура жолды түрмеде тапты
|
Франк Пиксиоле есімді Франция азаматы жазықты болып, Татарстан аумағындағы № 3 түзету мекемесінде жазасын өтеп жүріп, мұсылман болды. Ол темір тордың ар жағында бес уақыт намазын қаза қылмайды, осы уақытқа дейін өзін толғандырып келген сауалдардың жауабын исламнан тапқанын жиі айтады. Бұл жайында «Татар-информ» ақпарат көзі хабар таратты. Қолына кісен салынып, абақтыға жабылғанына екі жыл өткен француз азаматының енді бір жылдан соң бостандыққа шығады: қалған ғұмырын асыо дінімізді зерделеуге сарп етуге ниеттеніп отыр. "Ерте ме, кеш пе, мен де исламға келетін едім, өйткені, менің әкем мұсылман",- дей келе ол: "Ислам - мен үшін жан тыныштығының бесігі",- деді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады