Түріктердің ислами банктері өткен жылы тапқан пайдасын жариялады
Түріктердің ислами банктері өткен жылы тапқан пайдасын жариялады
1 сағат бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркия ислами банктеріның таза кірісі шамамен 1,9 млрд долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, Түркия билігі бұл межемен шектеліп қалмай, жаһандық ислами қаржы индустриясындағы өзінің позициясын нығайта беретінін мәлімдеді. Дәлірегі, түріктердің банктер қауымдастағының жетекшісі Мұхаммед Әлі Ақбен Стамбұл қаласында өткен ислами қаржы жөніндегі алқалы жиында әлемдік экономиканың шайқалуына, тауарларды жеткізу тізбегінде орын алған өзгерістерге, экономикалық үлгілердің түрленуіне немесе трансформациялануына қарамастан ислами қаржы саласының тұрақты түрде өркендеп келе жатқанын мәлімдеді. Осылай деген ол Қазіргі уақытта Түркия аумағында 11 ислам банкі жұмыс істейтінін жеткізді. Олардың жиынтық активтері шамамен 95 млрд долларға жеткен, ал елдің банк нарығындағы үлесі өткен жылғы 8,1% -ға қарағанда 9,2% -ға дейін өсті. Түркия ислами қаржы секторындағы бағындырған белестен ары асуды, дәлірегі, жылдан жылға ұлғайып келе жатқан осы нарықтағы үлесін арттыруды алдына мақсат етіп қойып отыр. Түркия президенті әкімшілігі жанындағы инвестициялар және қаржыландыру басқармасының басшысы Бұрақ Дағлыоғлы әлемдік ислами қаржыландыру нарығының көлемі шамамен 4 трлн долларға бағаланғанын, ал Түркияның үлесі әзірге 1% -ға жуықтайтынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Анкара осы саладағы ықпалын күшейту үшін халықаралық ынтымақтастыққа сүйенеді. Сондай-ақ, лауазымды мемлекеттік қызметкер соңғы жылы түрік тарапы исламдық қаржыландыру саласындағы серіктестікті дамыту үшін ондаған ұйымдардың басын қосып, Ұлыбританияға, Әзірбайжанға, Малайзияға және Индонезияға іскерлік сапарлар ұйымдастырғанын хабарлады. Оның айтуынша, Түркия ислам экономикасының өңірлік орталығы мәртебесіне ие болуды көздейді.

0 пікір
Мұрағат