Түркия мен Катар Сирияда босқындарға 1 млн үй салып береді
Түркия мен Катар Сирияда босқындарға 1 млн үй салып береді
11 ай бұрын 1351 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: dailysabah.com

Түркия мен Катар Сирияның солтүстігінде отанына оралған босқындар үшін 1 млн-ға тарта үй салып беруге уәде беріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Анкара қаасында өткен сайлауалды науқанында сөйлеген сөзіне жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз Сирияның солтүстігіндегі брикет үйлеріне 500 мыңға жуық босқынды орналастыруды бастадық. Катармен бірге отандарына оралған сириялық босқындар үшін 1 миллионға жуық үй салу жобасы жүзеге асырылуда», деп мәлімдеді ол. Ресми дерек бойынша Түркия аумағында 3,5 млн сириялық босқын бар. Алайда, оппозиция бұл мәлеміттің шынайылығына күмәнмен қарайды. Олардың есебінше, ел аумағында 10 млн-ға тарта сириялық босқын жүр. Бұдан бөлек, Режеп Тайып Ердоғанның саяси додадағы басты бәсекелесі, дәлірегі, оппозиция атынан президент сайлауына түскен Кемал Қылышдароғлы мамыр айының 28-і күніне жоспарланған президет сайлауының екінші турында жеңіске жеткен жағдайда елдегі барлық босқындарын отандарына қайтаратынына уәде беріп отыр. Босқындар тек Еуропа елдерінің ғана емес, сонымен қатар, әлемнің бірқатар елінің, соның ішінде, Түркияның бас ауруына айналған проблема болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат