|
ТҮРКИЯ МЕШІТТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БӨЛМЕ ПАЙДА БОЛАДЫ
|
Түркия елінде балаларға арналған бөлмелері бар мешіттер санын көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта елдегі мұндай мешіттердің біршама қолайлы екені дәлелденіп келеді. Мысалға. Ахмет Аксеки мешітіне тарауих намазын оқуға келген ата-аналар балаларын бөлек бөлмеге қалдырып, еш алаңсыз құлшылықтарын өтеуге кіріседі. Анкара қаласында орналасқан бұл мешіттегі балалар бөлмесіне күнделікті 100 жуық бала келіп, қатарластарымен танысып, ойнап қайтады.
«Бұл кезге дейін біз тек оң пікірлер ғана естіп келеміз. Ата-аналары намаз оқып жатқанда, балалары ойын қызығымен алдана тұрады. Біз құлшылық ордаларын барынша жайлы етуге тырысудамыз. Балалар бұл жерде өздеріне достар тауып жатыр», – дейді Аксеки мешітінің қызметкері Мансұр Сағыр.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
■
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
■
Қауіпті бактериялар «жанының сірілігінің» құпиясы ашылды