|
Түркия өзге елдерге қарағанда сириялық босқындарға ерекше жағдай жасайды
|
Сириядағы бір қолдың саусағындай уақытқа таяу созылған соғыстың лаңынан бас сауғалаған босқындарды қабылдаған өзге елдерге қарағанда Түркия оларға ерекше жағдай жасайтын болды. Нақтырақ айтқанда, түріктер билігі олардың жұмысқа тұруына мүмкіндік бермек. Тек мынадай шартпен: сириялық босқындар өздері тұрып жатқан аумақта ғана жұмысқа тұра алады. Бұл – бір, екіншіден, сириялық босқындардың жұмысқа тұруына бөлінген квота 10 пайыздан аспауы тиіс. Дәлірегі, бір кәсіпорындағы штаттың 10 пайызынан аспауы тиіс. Сириялық босқындар жеке басын куәландыратын құжатты алғаннан кейін алты айдан соң ғана жұмысқа тұра алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады