|
Түркияда қарттарға жасанды зердені пайдалануға лицензия береді – цифрлы қатерден қорғау үшін
|
Түркиядағы білім беруді талдау орталықтарының бірінің жетекшісі жасанды зердені пайдаланғысы келетін қарттарға арнайы лицензия беру туралы бастама көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастаманың көтерілуіне жасы 60-тан асқандардың цифрлы технологияға шорқақ келетіндіктен олардың алаяқтарға алданып қалу және интернеттегі бұрмаланған ақпараттар жетегінде кету қаупі себеп болып отыр. Бастама мектеп қабырғасындағы зорлық-зомбылық мәселесін зерделеу жөніндегі парламенттік комиссияның отырысында ккөтерілді. Онда қоғамдық ұйымдардың өкілдері цифрлы қауіпсіздік пен білім беру мәселелерін талқылады. Түрік білім беру қауымдастығының білім саясаты институтының (TED) директоры Сәбиқа Сұнар жасанды зердемен жұмыс істеу дағдыларын үйрету науқаны балалар мен жастарды ғана қамтымауы тиіс, деп мәлімдеді. Оның пікірінше, 60-65 жас және одан жоғары жастағы адамдарға болашақта жасанды зерде технологиясы күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған сайын цифрлы ортадағы қауіпсіздігіне көмектесетін «ИИ лицензиясы» қажет болады. Осылай деген ол қарт азаматтардың шынайы ақпаратты жалған ақпараттан ажыратуда қиындықтарға тап болатынын, сондай-ақ ,Түркияның интернет-банкингі мен электрондық мемлекеттік сервистерін пайдалануда проблемаларға тап болатынын атап өтті. Ол дәл осы жас тобындағылардың алаяқтық схемалар мен цифрлы кеңістіктегі айла-шарғыларға түсіп қалуға бейім екенін ескертті, сондықтан қарт адамдарға арналған цифрлы және AI-сауаттылықты оқыту бағдарламаларын дамыту қажеттілігіне тоқталды.