Уганда ЛГБТ-ға ресми түрде толық тыйым салды әрі олар үшін өлім жазасын енгізді
Уганда ЛГБТ-ға ресми түрде толық тыйым салды әрі олар үшін өлім жазасын енгізді
1 жыл бұрын 1446 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығының шығысында орын тепкен Уганда мемлекетінің парламенті азғындыққа бастайтын төсек қатынасын дәріптейтін ЛГБТ насихаты мен идеологиясына басы бүтін тыйым салуды қарастыратын заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде әл-Жазира дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптары бойынша бір жыныстылардың қарым-қатынасына ғана емес, сонымен бірге, өзін гей, лесбиян, бисексуал немесе трансгендер ретінде көрсетуге де тыйым салады. Өзін бір жынысты төсек қатынасының өкілі ретінде көрсеткен тұлғаларға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құқықтық және парламент мәселелері жөніндегі жетекші Робин Руакуджа түзетуге сәйкес гомосексуалды қылмыс жасап, оның арты ауыр жағдайларға ұрындырса, айыпталушыға өлім жазасы кесілетінін ескертті. Парламент спикері Анита Аннет Амонгтың айтуынша, заң барынша аз мерзімде қабылданған. Тек бір депутат қана қарсы дауыс берген заң алдағы уақытта осынау арсыздықтың ел аумағында таралуына жол бермеу үшін қабылданып отыр. Халқының 40 пайыздан астамы протестанттар, тағы 40 пайыздан астамы католиктер құрайтын елде мұсылмандар қарасы 12 пайыздан әрең асады. 

0 пікір
Мұрағат