|
Үйленгің келе ме, медициналық тексеруден өт!
|
Әзірбайжанда үстіміздегі жылдың маусым айының 1-нен бастап, шаңырақ көтергісі келетіндер міндетті медициналық тексеруден өтетін болады. Үйленгісі келетіндердің бойында мерез, ВИЧ секілді аурулардың бар-жоғын анықтау үшін. Бұл жайында осы елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы мәлім етті. Сондай-ақ, неке қидырғысы келетіндер міндетті түрде Азаматтық хал актілерін тіркеу органына тіркелуі тиіс және тіркелуі үшін медициналық тексеруден өткені туралы анықтамасын қоса тапсыруы керек. Айта кетейік, бұл елде 200 мыңға жуық шарана іштен түрлі аурулармен туады, олардың көбісі 25-30 жасқа жетпей қыршынынан қиылады. Әзірбайжан билігі, міне, осындай себеппен әлгіндей қадамға барып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды