|
Виза мерзімінен артық уақыт болған ұмра қажыларына айыппұл салынады, алты айға қамалады және депортацияланады
|
Сауд Арабиясында виза мерзімі өтіп кеткенше тұрған экспаттар мен ұмра қажыларына 50 мың сингапурлық еуро мөлшерінде айыппұл салынады, алты айға дейін бас бостандығынан айырылады және депортацияланады. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің ішкі істер министрлігі шекара қауіпсіздігінің және еңбек ережелерінде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырды. Бұдан бөлек, Саудия қоғамына, дәлірегі, қасиетті Мекке мен Мәдина және Ер-Рияд қалаларының тұрғындарына ережені елемегендер туралы 911 телефон нөміріне, ал елдің өзге аймақтарынан 999 телефон нөміріне қоңырау щалып хабарлауға үндеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды