|
Әлемде тұңғыш рет суда қалқымалы ең ірі электр стансасы іске қосылады
|
Экология мен қоршаған ортаған еш зияны жоқ бұл өзгеше электр стансасы Қытайдың Аньхой провинциясына қарасты Хуайнань қаласында іске қосылатын болды. Ол бұрынғы көмір кенішінің орнына жиналған судың бетінде іске қосылады. China Daily мерзімді басылымның таратқан хабарына қарағанда, аталған құрылғы су бетінің 86 гектарын алып жатыр, 1200-нан астам күн панелімен жабдықталған. Ол 40 МВт электр қуатын өндіріп, жылына 15 мың үйді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Бұл жобаға Sungrow Power Supply Co Ltd компаниясы басшылық жасайды. Бұл электр стансасының пайдалану мерзімі 25 жылға шақталған. Бұл құрылғыға сыртқы факторларға, соның ішінде, тұз бен ылғалға төтеп беретін технология қолданылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды