Аралас қанатты Kona ұшағы 600 кВт сутегі қуат блогымен жабдықталады (видео)
Аралас қанатты Kona ұшағы 600 кВт сутегі қуат блогымен жабдықталады (видео)
1 жыл бұрын 833 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Natilus (авиациялық жүктерді тасымалайдын ұшқышсық ұшу аппараттарын құрастыратын компания) және Zeroavia (сутегі және электр ұшағын құрастырушы компания) бірігіп, Kona аралас қанатты ұшағына 600 киловатт сутегі қуат блогын орнатады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта Калифорнияда ауқымды сынақтан өтіп жатқан аралас қанатты Natilus Kona ұшағы Zeroavia серіктестігінің арқасында көміртектен ада (атмосфераға көмірқышқыл газын бөлмейтін) нұсқасына ие болады. Аталған компания 600 кВт сутегі-электрлік қуат блогын ұсынады. ЗА-600 қуат блогы қазірдің өзінде сынақтан өтуде. Zeroavia алғаш ұшқан кезде 19 орынды сутегімен жұмыс істейтін Dornier 228 ең үлкен ұшақтың бір жағында сынақтан өтті. Zeroavia-ның мақсаты - 2025 жылға қарай таза коммерциялық рейстерді толық пакеттеу, сертификаттау және қамтамасыз ету. Natilus компаниясымен бұл тарапта серіктестік орнатудың көмегі көп. Аралас қанатты ұшақтардың конструкциялары өзінің табиғаты бойынша фюзеляждың кеңістігін ұлғайтады, ал сутегі қуат агрегаты экологияға зияны жоқ ұшу батареяларына қарағанда айтарлықтай жеңіл болуы мүмкін. Алайда, сутегі тым көп орын алады. Аталмыш ұшақ қанатының ұзындығы 26 м болады және 2024 жылы әуеге көтеріледі. Қашықтан басқарылатын жүк ұшағы ретінде ол ұзындығы 800 метрге дейінгі ұшу-қону жолақтарынан жұмыс істеуге арналған және кәдімгі іштен жану қозғалтқыштарымен жұмыс істегенде салмағы 3,8 тонна жүкті 1667 шақырым биіктікке дейін көтере алады. Natilus бұл моделді жүктерді қысқа қашықтыққа тасымалдаудың түбегейлі арзан тәсілі ретінде көрсетеді. Ол ұқсас өлшемдегі кәдімгі ұшақтарға қарағанда 60% артық жүкті сақтайды және осылайша шығынды да, шығарындыларды да (атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын) шамамен екі есе азайтады.

0 пікір
Мұрағат