ASKA толық жұмыс істейтін A5 ұшатын көлік прототипін жұрт назарына ұсынды (видео)
ASKA толық жұмыс істейтін A5 ұшатын көлік прототипін жұрт назарына ұсынды (видео)
1 жыл бұрын 1125 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұшатын көлік дәуірі туып келеді. Таяуда өткен CES технологиялық жетістіктерге арналған халықаралық көрмеде жерде қозғалатын әрі ұшатын А5 көлік құралының прототипін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ASKA компаниясының өкілдері қазіргі уақытта аталған көлік құралын сертификаттау қамында жүр – 2026 жылы пайдалануға, яғни, жаппай өндіруге рұқсат алуды көздейді. ASKA өзінің инновациялық дөңгелектерімен мақтана алады: олар көлікті тоқтап тұрған жерден сағатына 100 шақырымға дейін 5 секундтан аз уақыт ішінде жылдамдатуға мүмкіндік береді. Бұл артықшылық ұшу-қону жолағының ұзындығын айтарлықтай қысқартуы мүмкін. Бұл ретте арнайы жүйе қоршаған ортаның жағдайын талдайды және олардың негізінде жеделдету немесе энергияны көп қажет ететін тік көтерілу арқылы үнемді ұшуды жүзеге асырады. A5 «ұшатын машинада» тіпті үйде зарядталатын ASKA компаниясының инновациялық аккумуляторларының арқасында нақты өндіріске шығуға барлық мүмкіндіктер бар. Электр стансасында резервтік бензин қозғалтқышы да бар. Осының арқасында автокөліктің круиздік қашықтығы сағатына 240 шақырым жылдамдықпен 400 шақырымға дейін артқан.

0 пікір
Мұрағат